27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді
«Аманат» партиясы президенттікке үміткер ретінде Тоқаевты ұсынды.Бұл туралы Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері, гуманитарлық ғылымдар магистрі КИЕКЕНОВА Бағдат Базылқанқызы пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz.
«Соңғы уақытта Қазақстан Республикасы ауқымды саяси-экономикалық өзгерістерді, жаңа тарихи кезеңдерді басынан өткеруде. Осы сындарлы уақытта еліміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салмақты саясатымен, байыпты басшылығымен және жігерлі жауапкершілігімен әрдайым халқымызбен бірге болып, мақсат-мүддесін мұңдап, әділ басшы екенін көрсете білді»,–деді Бағдат Базылқанқызы.
Және де ол президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемде болып жатқан күрделі саяси жағдайларға қарамастан халықаралық аренада дипломатиялық тәжірибесімен, көрегендігімен, даналығымен үлкен беделге ие болғандығын айтты.
«Ендігі еліміздің алдында тұрған әділдік, ізгілік, білім, бірлік мәселелерін Қазақстан дамуының басты өзегі ретінде алдыға қойып отыр. Әл-Фараби бабамыз «Бақыт – әрбір адам ұмтылатын ұлы мақсат» екенін пайымдаған еді. Демек Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халық алдында үлкен адамгершілік пен жауапкершілікті мойнына ала отырып, әділдіктің туын биік ұстайтынына, ұлт болашағын алдыға қоятынына сенемін»,–деді гуманитарлық ғылымдар магистрі
27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы