2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрДостық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. «Дәуір және тұлға» халықаралық ғылыми-ағартушылық жобасының кеңейтілген отырысы кеңестің құрылғанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылған болатын.
Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, ҚР парвламент Мәжілісінің депутаттары, «Дәуір және тұлға» жобасының жетекшілері, қоғам қайраткерлері қатысты. Олар кеңес жұмысын бастамас бұрын, Достық үйін аралап, мұнда орналасқан этно-мәдени орталықтардың қызмет барысымен танысты.
ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко құттықтау сөз сөйлеп, Ғылыми-сарапшылық кеңестің қоғамдық институттың дамуында маңыздылығы жоғары екендігіне тоқталып өтті.
Сондай-ақ, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі, саясат ғылымдарының докторы Н.Калашникова, белгілі қоғам қайраткері М.Жолдасбеков, М.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры А.Сидорович, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры З.Шаукенова, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары қауымдастығының төрағасы А.Башмаков, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «G-Global» және «Global Silk Way» жобаларын дамыту орталығының директоры П.Гаур ғылыми-сарапшылық кеңес жұмысына байланысты өз ойларын ортаға салып, «Дәуір және тұлға» халықаралық ғылыми-ағартушылық жобасын жүзеге асыруға қатысты пікірлерімен бөлісті.
Бұл кеңес отырысы Қазақстан ғылымын дамыту мен жаңарту мәселелерін көздеген ғылым саласының майталмандары мен үздіктерінің пікір алмасу алаңы болды.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова