23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған аналарға жәрдемақы тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету кезіндегі адами факторды толығымен алып тастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұдан бұрын осы жәрдемақыны проактивті форматта тағайындау кезінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және Еңбекминінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері қатысуы қажет болып, нәтижесі 7 жұмыс күніне дейін созылатын еді.
Ендігі жерде аталған қызметті проактивті форматта алған кезде жәрдемақы тағайындау ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі, соның арқасында қызмет көрсету мерзімі 1 жұмыс күніне дейін қысқарды.
Егер де көп балалы ана «Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған болса, тиісті мәліметтер Еңбекминінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі. Әрі қарай жүйе проактивті форматта жәрдемақы тағайындауға келісім алу үшін 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жібереді. SMS-хабарламаға оң жауап алынған жағдайда жүйе жәрдемақы тағайындау туралы шешімді мүлдем адамның қатысуынсыз автоматты түрде қабылдайды.
Еңбекмині осындай тәсілді басқа да мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде де енгізуді көздеп отыр.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік