6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБұл туралы ҚР СІМ өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мьянмада құлдыққа түскен қазақстандықтар өзенді кесіп өтіп, Таиланд аумағына жеткен. Оған дейін олар бұл жағдай туралы консулға хабарлап үлгерген.
Қазақ жігіттерінің соңынан жұмысқа алған компания өкілдері қуған. Консул шұғыл түрде шекарашыларға және тай полициясына хабарласқан. Дегенмен төртеуі қашып шығып, біреуін компания өкілдері ұстап алған.
Қазақстан азаматтары компанияның аумағынан шыққан бойда компания өкілдері олардың ізіне түскен. Бесеуінің төртеуі өзеннен өтіп үлгерген, ал біреуі қалып кеткен. Компания күзетшілері оны ұстап алды, - деді СІМ өкілі.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Мьянмада құлдықтан қашқан қазақ жігітін елге қайтару үшін келіссөз жүргізіліп жатыр. Ал қалған төртеуі қазір Бангкокте. Алдағы күндері елге оралады деп күтілуде.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі