23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақтөбе облысында ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері өтуде. Іс-шараға Астана, Алматы қалаларынан келген білікті дәрігерлер қатысып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Үш күн қатарынан өтіп жатқан медициналық тур аясында Президенттік клиника дәрігерлерімен 70-ке жуық консультациялық қабылдаулар жүргізіліп, 14 науқасқа операция жасалды. Қазіргі таңдағы медицинаның ең өзекті мәселелері талқыланып, оны шешудің жолдары ұсынылды.
Турдың басты артықшылығы мамандардың қызметін кешенді ұйымдастыруында болды. Демек, іс-шара барысында тұрғындар стационар дәрігерінің ғана емес, диагностикалық бөлім мамандырының да қызметіне жүгініп, кеңес алды. Атап айтар болсақ, аллергология орталығының басшысы, бас аллерголог иммунолог Г. Тусупбекова, кардиохирург А. Тойбаев, онколог Н. Шаназаров науқастарға қабылдау жүргізді. Ал нейрохирург М. Бердіходжаев пен аритмолог Р. Камиев консультациялық көмекпен қоса, 10-ға жуық операция жасады. Клиниканың бас генетигі Гүлшара Абильдинова жергілікті мамандардың қатысуымен шеберлік сағатын өткізді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік