18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Қазақстандағы ең бірегей табиғи парктердің бірі – Алтын-Емел ұлттық паркінде орнатылған фототұзақ арқылы таудағы су көзінің маңызын дәлелдейтін ерекше кадрлар видеоға түсіп қалды. Кадрлар ұлттық парктің ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Түнгі және күндізгі уақытта түсірілген бейнелерде әртүрлі жабайы жануарлар – Қызыл кітапқа енген тас сусары, сібір тау ешкісі, текесі мен лағы келіп, суаттан су ішкен сәттері көрініс тапқан.
Су – тіршілік көзі. Бұл бейнежазбалар адам аяғы баспайтын таулы аймақтардағы су көздерінің жабайы жануарлар үшін қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетті. Бір ғана шағын су көзі айналасындағы биоәртүрліліктің тірек нүктесіне айналған.
Сирек кездесетін түрлер:
Тас сусары – түнде белсенді, ұяң жыртқыш.
Сібір тау ешкісі – биік жартас қияларында тіршілік ететін тұяқты жануар. Бейнежазбада оның текесі мен лағы анық көрінеді.
Алтын-Емел ұлттық паркінің мамандары бұл бейнежазбаларды тұрақты экологиялық мониторинг пен биоәртүрлілікті зерттеу мақсатында қолдануда. Сонымен қатар, бұл материалдар табиғатты қорғау жұмыстарының маңызын жұртшылыққа жеткізудің тамаша үлгісі болып отыр,-делінген ұлттық парк хабарламасында.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр