Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары«Барселона», ПСЖ, «Милан» және Бразилия құрамасының бұрынғы жұлдызы Роналдиньо маусымның үздік футболшысына берілетін «Алтын доп» жүлдесін табыстайды. Салтанатты рәсім 22 қыркүйекте Париждегі «Шатле» театрында өтпек, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл жаңалықты COPE журналисі Дани Хиль өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
France Football журналы бұл мәртебелі міндетті Роналдиньоға сеніп тапсырып отыр. Себебі осыдан тура 20 жыл бұрын ол «Алтын доптың» иегері атанған еді.
Айта кетейік, тарихта төртінші рет «Алтын доп» марапаты күнтізбелік жылға емес, футбол маусымының қорытындысы бойынша (2024 жылдың 1 тамызынан 2025 жылдың 13 шілдесіне дейін) табысталмақ.
Сонымен қатар, салтанатта ерлерге арналған басты сыйлықтан бөлек, әйелдер арасындағы «Алтын доп», 21 жасқа дейінгі үздік жас ойыншыға берілетін «Копа трофейі», ең үздік қақпашыға арналған Лев Яшин атындағы жүлде, үздік сұрмергенге берілетін Герд Мюллер трофейі және басқа да марапаттар табысталады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар