10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы«Алтын Дала» бастамасы 2024 жылғы The Earthshot Prize экологиялық сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның дала экожүйелерін қорғауға бағытталған «Алтын Дала» бастамасы 2024 жылғы The Earthshot Prize экологиялық сыйлығының «Табиғатты қорғау және қалпына келтіру» номинациясында жеңіске жетті. Бұл марапат Қазақстандағы киіктердің популяциясын қалпына келтіру мен ерекше қорғалатын аймақтарын кеңейту саласындағы елеулі жетістіктерді мойындады.
«Алтын Дала» бастамасы 2005 жылы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (АСБК), «Fauna & Flora International» ұйымы, Франкфурт зоологиялық қоғамы (FZS) және Корольдік құстарды қорғау қоғамы (RSPB) арасында ұзақ мерзімді серіктестік ретінде құрылды. Серіктестердің негізгі мақсаты – киіктердің популяциясын қалпына келтіру және Қазақстан далаларын сақтау.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді