«Алтын алып берді»: Михаил Шайдоров бапкері Урмановпен жұмысын тоқтатты

«Алтын алып берді»: Михаил Шайдоров бапкері Урмановпен жұмысын тоқтатты

Диана Орынбасар
Фото: ҰОК/Сали Сабиров

Министр Ербол Мырзабосынов Михаил Шайдоров пен бапкері Алексей Урмановтың келісімшарты тоқтағанына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, федерация Урмановпен байланысын үзбей, оны жас спортшыларды дайындауға тартуды жоспарлап отыр.

Алексей Урмановтың өзіне зор алғысымызды білдіргіміз келеді. Ол – Олимпиада алтынын жеңіп алған спортшыны дайындауға көмектескен адам. Осы үш жылда Михаилдің командасымен үлкен жұмыс атқарылды, – деді министр.

Мырзабосыновтың сөзінше, жаңа олимпиадалық цикл басталғандықтан, Шайдоров жаңа команда таңдап, жаңа элементтерді меңгере алады.

Олимпиада чемпионы ретінде Михаил жаңа команда таңдап, онымен жұмыс істеуге және жаңа элементтерді меңгеруге құқылы. Біз оны әрдайым қолдаймыз, – деп атап өтті ол.

Айта кетейік, Қазақстанда әлемдегі ең танымал аралас жекпе-жек ұйымы – UFC турнирі алдағы екі жылда өтуі мүмкін.

Оқи отырыңыз

{