Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық «Алтын адам» анимациялық фильмі Иорданияда өткен IV Халықаралық балалар кинофестивалінде көрермен көзайымы жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Фильм еліміздің мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген болады. Туындының режиссерлері Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазы, ал сценарий авторлары Әннас Бағдат пен Ұларбек Нұрғалым.
Аталған фестиваль 15-21 тамыз аралығында Иорданияның Корольдік кинокомиссиясының ұйымдастыруымен, Жәлилә бинт Әли ханшайымның қолдауымен өтып отыр. Байқау бағдарламасында Қазақстан, Қытай, Нидерланды, Латвия сынды елдерден келген балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік фильмдер көрсетілді.
«Алтын адам» фильмі отандық кинотеатрларда 5 маусымнан бастап прокатта болған. Туындыда Хан Тәңірі шыңына шыққан сақ жауынгерінің сапары баяндалады. Картина батылдық пен ерлік, адалдық пен ар-намыс жайында. Жобаның басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді ізгілікке баулып, рухани құндылықтарды бойына сіңіру.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?