Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер2025 жылдың 5 маусымынан бастап «Алтын адам» мультфильмі көрермен назарына ұсынылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туынды Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық кино орталығының қолдауымен жарыққа шықты. Министрлік мәліметінше, анимациялық фильмнің өндірісімен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы айналысқан. Бүгін Астана кинотеатрында аталмыш мультфильмнің жабық көрсетілімі өтті.
«Алтын адам» – өмір отын іздеп, Хан тәңірі шыңына шыққан сақ жауынгері туралы оқиға. Шығармашылық ұжым фильмнің өн бойына алтын адамның сырты ғана емес, жан-дүниесі, рухы да алтын болу керек деген ұстанымды сыйдырған.
Бұл – ұлттық болмыс пен құндылықтарды, тарихи тұлғаларды дәріптеу, қазақша контенттің салмағын арттыру бағытындағы маңызды қадам, - делінген мәліметте.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, қазақ тілінде, ұлттық нақышта түсірілген мультфильмдер көп болуы қажет. Сондықтан анимацияны дамыту мәселесі өзекті болып қала бермек.
Бұған дейін жабық көрсетілім Алматы қаласында өтті. Көрсетілімге көпбалалы аналар қорының қамқорлығындағы балалар, БАҚ өкілдері, дубляж актерлері мен жоба авторлары келді. Фильм көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, оң бағасын алды.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі