Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБиыл Қазақстан кинотеатрларында экшн және фэнтези жанрындағы «Алтын Адам» толықметражды анимациялық фильмі көрерменге ұсынылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мультфильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен әзірленген.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, «Алтын Адам» өмір отын іздеп, Хан тәңірі шыңына шыққан сақ жауынгерінің оқиғасын баяндайды. Ол сол сапарда сенімді дос табады, қауіпті қарсыластармен шайқасады. Сан түрлі сынақтан өтіп, ол нағыз жауынгерге атанып, туған жерін зұлымдықтан қорғайды.
Фильмнің режиссерлері – Тұрдыбек Майдан («Мұзбалақ» жобасының авторы) және Тілек Төлеуғазы.
«Алтын Адам» жобасының басты мақсаты – адамның тек сырты ғана емес, ішкі жан дүниесі де «алтын» бола алатынын көрсету. Фильмге Есік қорғанынан табылған Алтын адам археологиялық мұрасы арқау болған. Жоба 2D форматында жасалды. Бұл әдіс ежелгі дәуірді қаз-қалпында бейнелеуге, сол кезеңнің қабырға суреттері мен сәулет өнерін көрсетуге мүмкіндік берді, - делінген мәліметте.
«Алтын Адам» – бұл тек ерлік пен батырлық туралы хикая ғана емес, жас көрерменге терең философиялық ой салатын туынды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары