Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҰлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл қызметке Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Мағжан Табылдин тағайындалды.
Естеріңізде болса, бұған дейін осы қызметті атқарып келген Әнуар Омар сотталған болатын.
Ол мұражай мамандары мен басқа да ғалымдардың мақалалар жинағын шығару бойынша орындалмаған жұмыстары үшін заңсыз аудару арқылы 2,3 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, Жезқазған қалалық соты оны мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Әнуар Омаров кезінде айтыскер ретінде көпшілікке кеңінен танылған. Ол кейінгі жылдары мемлекеттік қызметке ауысып, Ұлытау ауданының әкімі болып екі рет тағайындалған. Кейін Сәтбаев қаласының әкімі болып, Ұлытау облысы жаңадан құрылған соң басқарма басшысы лауазымына қызметке кірісті.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?