18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?АҚШ-тың Оңтүстік Флорида штатынан шыққан 35 жастағы Тирон Александр 2018 жылдан 2024 жылға дейін әуе компанияларын алдап, жүзден астам рейске тегін мінгені үшін 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы BFMTV басылымы жазды.
Александр өзін бортсерік, кейде тіпті пилот ретінде таныстырып, жеті америкалық әуе компаниясының ішкі жүйелерін алдаған. Ол қызметкерлерге арналған брондау платформаларының осал тұстарын пайдаланып, 30-дан астам жалған қызметтік бейдж нөмірлерін енгізіп отырған.
Нәтижесінде ол алты жыл ішінде 120-дан аса рейске тегін отырған.
Федералды сот Александраны электронды алаяқтық пен әуежайдың қорғалған аймағына жалған мәлімет арқылы заңсыз кіру баптары бойынша кінәлі деп тапты. Тергеу деректеріне сәйкес, ол бірнеше жыл бойы әуе компанияларының қауіпсіздік жүйесін алдап келген.
Оның қалай әшкереленгені жария етілген жоқ, алайда бұл оқиға әуе тасымалдау қауіпсіздігіне қатысты көптеген сұрақтар туындатты.
Бұған дейін елімізде 800 адамды алдаған топ мүшесі Испанияда ұсталғанын жазған едік.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр