6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМи жасушаларындағы энергия түзілуінің бұзылуы Альцгеймер ауруының дамуына түрткі болып, емдеу тиімділігіне тікелей ықпал етуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл тұжырымға Mayo клиникасының ғалымдары келіп отыр. Зерттеу нәтижелері Alzheimer’s & Dementia журналында жарық көрді.
Зерттеу орталығында жасушаның энергия алмасу жүйесінің негізгі бөлігі саналатын — митохондриялық I кешені болды. Ғалымдар оның қызметіндегі ақаулар нейродегенерацияға тән генетикалық өзгерістерді туындататынын анықтады. Ал кешеннің қалыпты жұмыс істеуі нейрондардың күйзеліске төтеп беру қабілетін арттырып, қабыну үдерісін азайтады.
Арнайы жасалған шағын молекулалар көмегімен мамандар кешеннің белсенділігін жұмсақ түрде реттеп, нейрондардағы қорғаныс механизмдерін іске қоса алды.
Зерттеудің тағы бір ерекшелігі — бұл әсердің ерлер мен әйелдерде әртүрлі болуы. Мұндай дерек жыныстық ерекшеліктерді ескеретін жаңа емдеу әдістерін жасауға жол ашады.
Көптеген емдеу әдістері әдетте миға жиналатын зиянды түйіршіктерді жоюға немесе аурудың белгілерін жеңілдетуге бағытталады. Ал жаңа тәсіл ми жасушаларының энергия өндіру жүйесін реттеуге негізделген, сондықтан аурудың алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл әдіс есте сақтау қабілеті нашарлау сияқты белгілер пайда болмай тұрып-ақ әсер етуі мүмкін. Қазір ғалымдар осы емді адамдарға сынап көруге дайындау үшін қосымша зерттеулер жүргізіп жатыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі