23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіОрал қаласындағы Тәуелсіздік монументі жанында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған «Алтайдан Оралға дейін» республикалық велошеруінің жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шараға ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің өкілі Азамат Оразов, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының спорт және білім басқармаларының басшылары Бақдәулет Сәбитов пен Елдос Сафуллин қатысты. Велошеруді мемлекеттік органдардың өкілдері, студенттер, қала тұрғындары мен велоспорт жанкүйерлері де қолдап, қатысушыларға қошемет көрсетті.
Азамат Оразов республикалық велошерудің жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау және өскелең ұрпақтың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру бағытында маңызды бастама екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланған болатын. «Алтайдан Оралға дейін» велошеруі еңбекке деген құрметтің жарқын үлгісіне айналып, жұмысшы мамандықтарының оң имиджін қалыптастыруға үлес қосты. Мұндай бастамалар техникалық және өндірістік салаларға жастардың қызығушылығын арттырып, елдің тұрақты дамуына әсер етеді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады