Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПремьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында әлеуметтік маңызы бар нысандардың жүзеге асу барысымен танысты, олардың арасында ұлттық жобалар аясында жүзеге асып жатқан нысандар бар, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алтай Көлгінов «Оқушылар сарайының» құрылысымен танысты. Әкімдіктің мәліметі бойынша, ғимаратта мини-футболға, волейболға, баскетболға және жаттығу жасауға арналған алаңдар бар. Онда 2 мың оқушы спортпен айналыса алады. Орталық биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ Шымкентте Конгресс-холл салынып жатыр.
Жұмыс сапары барысында Алтай Көлгінов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында салынатын білім беру нысандарының жобаларымен танысты. Жоба аясында Шымкентте 25 мектеп салу жоспарланып отыр. Жаңа форматтағы мектептердің салынуы үш ауысыммен оқыту мәселесін толығымен шешіп, қосымша оқушы орындарын құруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ көпбейінді аурухана салу да жоспарланған. Онда жұмыс істеп тұрған емханалардың жұмысын жеңілдету үшін емхана жұмыс істейтін болады. Көпбейінді ауруханада заманауи талаптарға сай келетін Ядролық медицина орталығы ашылады. Бұл сапалы медициналық кадрларды дайындауға жол ашады. Осындай көпбейінді ауруханаларды бірқатар өзге өңірде салу жоспарда бар.
Әкімдіктердің алдына ұлттық жобаларды сапалы іске асыру және әлеуметтік жобалардың құрылысын уақытылы аяқтау міндеті қойылған. Бұл мәселелердің барлығы – Мемлекет басшысының бақылауында.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары