7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қазақстанның Черногориядағы Елшісі ретінде Алтай Әбибуллаев Черногория Президенті Мило Джукановичке сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент сарайында өткен салтанатты шарада Қазақстан-Черногория қарым-қатынастарының казіргі ахуалы мен болашағы, сондай-ақ өзара ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтерудің нақты көздері егжей-тегжей талқыланды.
Ұлттық төл мерекемізбен сай келген дипломатиялық рәсім барысында М.Джуканович барша Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен шынайы құттықтап, елімізге бейбітшілік, одан әрі гүлдену мен өркендеу тіледі. Черногория басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қайта сайлануымен тағы да құттықтап, Қазақстанға жаңа белестер мен табыстар тіледі.
Сонымен қатар, ол Қазақстан Президенті бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси және кешенді әлеуметтік-экономикалық реформаларға жоғары баға беріп, Қазақстан Черногорияның Eуразиялық кеңістігіндегі басты саяси және сауда-экономикалық әріптесі екенін басып айтты.
Президенттің пайымдауынша, Черногориядағы жыл сайын Қазақстан азаматтарының демалысы, жерлестерімізге қолайлы жағдай туғызып, қауіпсіздіктерін одан әрі қамтамасыз ету қағидатты басымдық болып қала бермек. Подгорица 2023-2024 жылдары Қазақстан азаматтарына маусымды визасыз режимі мен тікелей рейстерді сақтау үшін барынша мүдделі.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?