29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары13 наурызда Баку қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», үшінші дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, Алматы қаласының Құрметті азаматы, талантты суретші Алпысбай Қазғұловқа Түркі дүниесі Көркемсурет академиясының атағы берілді. Бұл – қазақ бейнелеу өнерінің хас талантының ұзақ жылғы еңбегіне берілген үлкен баға.
Алпысбайдың басты айырмашылығы: көп ізденеді, көп еңбектенеді. Үнемі білімін жетілдіріп отырады. Толдым демейді, болдым демейді. Алпысбайдың табандылығы мен еңбексүйгіштік қасиеттеріне риза болмау мүмкін емес.
Оның осы қасиеттері өз нәтижесін бермей қалған жоқ. Ол бейнелеу өнеріндегі өз жолын, дербес стилін қалыптастырды. Алпысбай картиналарында экспрессивтік бір күш бар. Эмоционалдық алабөтен ырғағы қалыптасқан шебердің картиналары көрерменді тартып тұратын қарым-қабілеті осы күшінде жатыр.
Оның картиналары этнографиялық мазмұн мен ұлттық дәстүрге өте бай. Туындыларында адам жанын, оның психологиялық көңіл күйін әдемі аша біледі. Суретші ұлттық нақыштың контекстінде өзіндік түс ерекшеліктерін тиімді пайдаланатыны да оның шығармашылығын жоғары деңгейге көтеріп тұр.
Кез келген суретші үшін түс пен кеңістікті сезіне білу – өте маңызды. Осы орайда Алпысбай үлкен биікке көтеріле алды. Жарықты да жақсы көре біледі. Талантты суретшінің картиналарында сюжеттің шиеленісуі мен кульминациясы бір линияда ұштасып жататыны да оның шеберлігі өз шыңына жеткенін көрсетеді.
Оның картиналары көрушіге ерекше психологиялық әсер етеді. Туындылары көрерменді живописьтің барлық параметрлері бойынша ынтықтырып қоятыны да суретші шығармашылығының тылсым күшке толы екенін білдірсе керек.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек