Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСотта сөз сөйлеген Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Бишімбаева марқұм Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айыпталушының анасы өлім себебі нақты анықталмады деп есептейді. Сондай-ақ сотта Нүкенованың қанша ішімдік ішкеніне мән берілмегеніне тоқталды. Сот сарапшысы Тахир Халимназаровтың сараптамасын сынап, Салтанаттың қан құрамында алкоголь құрамы аз болғанын көрсеткен дейді.
Егер сол түні осыншама ішімдік ішпегенде мұның бәрі болмас еді. Ұлым істеген ісіне, қол көтергеніне жауап беруі тиіс. Бірақ қасақана өлтіргені үшін жазалануға тиісті емес, - дейді Альмира Бишімбаева.
Айыпталушының анасы алқабилерден ақпараттық ағынға бой алдырмай, әділ шешім шығаруды сұрады. Сондай-ақ алғаш рет Нүкеновтер отбасынан кешірім сұрады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді