Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАлматы қаласының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды шаһар тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы қаламыздың болашағына қатысты бірқатар маңызды тапсырма жүктеді. Тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу, қаланың инфрақұрылымын кешенді жаңғырту, жол-көлік жүйесін жақсарту, экологиялық мәселелерді шешу мен экономиканы әртараптандыру – алдағы жұмысымыздың басты бағыттары болмақ, - деді ол.
Әкім алматылықтарды қаланы бірге көркейтіп, дамытуға шақырды.
Алматы – арман мен мүмкіндіктер мекені. Бұл шаһарға шынайы жанашырлықпен, тың серпінмен, нақты іспен қызмет ету – мен үшін үлкен мәртебе. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірігіп, тізе қосып еңбек етсек, ару қаламызды одан әрі көркейте аламыз.
Әсем Алматының әрбір көшесі мен әр тұрғыны үшін нақты өзгерістер жасау, аянбай қызмет ету – біздің басты міндетіміз! Кеше айтылған басым бағыттарды біртіндеп, кезең-кезеңімен жүйелі түрде жүзеге асырамыз, - деп қосты шаһар басшысы.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды