29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТуризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматының Орталық стадионы УЕФА талаптарына сәйкес келеді деп атап өтті. Ондағы футбол алаңы, жарықтандыру жүйесі, киім ауыстыру бөлмелері, командалар мен төрешілерге арналған аймақтар толық аттестаттаудан өкен және халықаралық деңгейдегі матчтарды өткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Осыған дейін кездескен сынған орындықтар немесе әжетханалардың ескіруі секілді кемшіліктер спорт нысанының жаңа емес екеніне ғана емес, кейбір көрермендердің стадион мүлкіне деген ұқыпсыз қарым-қатынасына да байланысты. Матчтардан кейін әдетте орындықтардың айтарлық бөлігі жарамсыз күйге түсетіндіктен, орындықтар үнемі тексеріліп, бүлінгенін ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.
Алматы қаласы спорт құрылыстары дирекциясының мәліметінше, қазіргі таңда бұл мәселелер қатаң бақылауда – орындықтарды ауыстыру мен қалпына келтіру, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұрын санитарлық-гигиеналық тораптарда жеңіл-желпі жөндеу жүргізілсе, қазір оларды күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Алдағы «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы үшін Орталық стадион толық дайын болады: абаттандыру бойынша
қажетті шаралар аяқталып, тазалық пен қауіпсіздік шаралары күшейтілді, ең жоғарғы деңгейдегі матчтарды өткізу үшін барлық халықаралық нормаларға сәйкестік қамтамасыз етілді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек