Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБиылғы жылдың 5 айында Алматы қаласының экономикасы қарқынды түрде өсіп, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 122,2%-ке дейін жеделдеді. Бұл туралы облыс әкімі Ерболат Досаев ОКҚ-да өткен баспасөз брифингінде мәлім етті, хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Әкімнің айтуынша, негізгі капиталға 484 миллиард теңге инвестиция тартылып, жеке инвестициялар 2,7%-ке өскен.
Еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. Осы жылдың басынан бері 29,4 мың жұмыс орны ашылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша қала экономикасының өсуі 5-5,5% деңгейінде бағаланады. 2022 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласының мәслихаты Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды бекітті, – дейді облыс әкімі Ерболат Досаев.
Бұдан өзге ол 2022 жылы пилоттық режимде жолдардың сапасын жақсарту үшін асфальтбетон қоспасына полимерлі қоспалар түріндегі жаңа материалдарды қолданылғаны жөнінде айтты. Олар ауыртпалыққа және климаттық жағдайларға төзімді көрінеді.
Биыл 6 шағын ауданда 25 км жаңа жол салуды және 200 км орташа жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз. Жаңа технологияларды қолдану орташа жөндеу жүргізу мерзімін 5 жылдан 10 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді, – деді Алматы қаласының әкімі.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары