23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіӨткен жылдың қорытындысы бойынша Алматының индустриалды аймағында жалпы құны 25,17 миллиард теңге болатын 10 жоба жүзеге асып, 1 319 жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, олардың ішінде 5 өндірістік кәсіпорын бар. Атап айтқанда, тұрмыстық химия және жеке гигиена құралдарын шығаратын зауыт, халықаралық төлем жүйелерінің банк карталарын өндіретін зауыт, толық циклді темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт, автомобильдерге арналған электронды аудио және бейне жабдықтарын өндіретін зауыт және кабельдік-өткізгіш өнімдер шығаратын өндірістік кешен.
Өндірістік кәсіпорындармен бірге 2024 жылы Алматының индустриалды аймағында ауданы 3000-нан 5100 шаршы метрге дейінгі 5 шағын өнеркәсіптік парк салынды. Бұл нысандарды салуға жеке инвесторлар 2,27 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсады. Бұл жобалар аясында 614 жұмыс орнын ашу жоспарланған, - делінген мәліметте.
Айта кетейік, Алматының индустриалды аймағының қатысушылары құны 556,8 миллиард теңге болатын 107 компания ашып, 14 496 жұмыс орнын құрған. 2016-2024 жылдар аралығында Алматының индустриалды аумағында жалпы сомасы 139,1 миллиард теңге болатын 40 жоба жүзеге асырылды. Бұл кәсіпорындарда 4 403 жұмыс орны ашылды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады