Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының Мамыр-1 шағын ауданындағы жаңа комьюнити орталыққа барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жастар бас қосатын ортаға айналады. Ауданда 14-35 жас аралығындағы 102 мың адам тұрады, оның 7,8%-ы NEET жастар.
Комьюнити орталықта білім беру және мәдени іс-шаралар өткізіледі, жастар білікті психологиялық және заң көмегін алып, жұмысқа орналасу үшін көмек сұрай алады. Онда резиденттер үшін барлық қызмет тегін.
Бізге кері байланыс қажет: барлық білім беру және біліктілікті арттыру курсы, жастар бағдарламасын қазіргі заманға бейімдеу керек десеңіздер, қайта қарастыруға дайынбыз. Мемлекет басшысы өз сұхбатында айтқандай, жастарға ерекше көңіл бөледі. Алдағы 2-3 онжылдық жастардың қолында, - деді Ерболат Досаев.
Комьюнити орталықтарды дамыту жөніндегі жоба – Қазақстанда жалғыз. 8 комьюнити орталық жылына 800 мыңнан астам жасқа қызмет көрсетеді. 2025 жылға қарай мегаполисте 16 комьюнити орталық болады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары