Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары1 сәуірден бастап Алматының аудандық әкімдіктеріне жаңа құзыреттілік берілмек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі әкімдікке сілтеме жасап.
Жолды, инженерлік желілерді ағымдағы жөндеу, әлеуметтік қолдау, үйірмелер мен секцияларды қаржыландыру. Осы және өзге де көптеген мәселені аудан әкімдіктері енді өздері жүзеге асырады. Жаңа функциялармен қатар, 8 аудан әкімдігіне 73,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл өзгеріс жергілікті жерлерде жедел шешім қабылдауға ықпал етеді. Әр аудан халқының қажеттіліктерін ескеріп, бюджет қаражатын тиімді бөлуге жол ашады. Әрі мердігерлердің жұмысын бақылауға және тұрғындарының өтініштеріне тезірек жауап беруге мүмкіндік береді, - делінген ақпаратта.
Алматы аудандарына дербестік беру жөніндегі бастаманы қала әкімі Ерболат Досаев көтерген. Бұған дейін аудан әкімдіктерінің тек ағымдағы жұмыстарға, оның ішінде абаттандыруға, тазалауға, көгалдандыруға және т.б. өкілеттігі мен қаржысы шектеулі болатын.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек