Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарQS Asia University Rankings 2025 рейтингіне Қазақстанның 35 жоғары оқу орны кірді, оның 13-і Алматыдан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
QS агенттігінің өкілдерінің айтуынша, Қазақстан жоғары оқу орындары жақсы серпін көрсетіп, өткен жылмен салыстырғанда 60 пайыздан астам көрсеткішке жақсартқан.
Қалалық әкімдік мәліметінше, 22 қазақстандық жоғары оқу орны өз позициясын жоғарылатты, үш ЖОО өз позициясын сақтап қалды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті рейтингтің алғашқы 100-іне енді. Сондай-ақ Satbayev University 89-орынды иеленіп, ТОП-100 қатарына кірді.
Бір жылдық үзілістен кейін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті рейтингке қайта оралып, 801-850 санатына енді.
Айта кетейік, Азияның үздік жоғары оқу орындарының рейтингіне 25 ел мен аумақтан 985 жоғары оқу орны қатысты. Қазақстандық жоғары оқу орындары үшін ең үлкен бәсекелестік Үндістан, Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындары болды.
Бұл рейтингті әлемдегі ең беделді агенттіктердің бірі QS Quacquarelli Symonds әзірлейді, ол университеттерді академиялық бедел, жұмыс берушілердің беделі, оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы, ғылыми жарияланымдар және халықаралық зерттеулерге қатысу сияқты критерийлер бойынша бағалайды.
Алматының 13 университеті мен олардың QS Asia University Rankings 2025 рейтингіндегі орындары:
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?