23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?
Әкімдік Алматының жаңа бас жоспарын осы жылдың соңына дейін қабылдайды. Бұл туралы Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Кездесуге келген тұрғындардың бірі қаладағы құрылыс компанияларының жауапсыздығына шағымданды.
«Неге құрылысшылар ешкіммен санаспайды? Олар өзен арнасының маңында құрылыс жүргізеді. Біз сейсмикалық аймақтамыз. Егер кенеттен үйлер құлап, арна бітеліп, сел жүрсе ше? Бұл туралы біреу ойлады ма?»,- деп сұрады қала тұрғыны.
Ерболат Досаев әкімдік жыл соңына дейін «Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі бас жоспарын» әзірлеп, қабылдауды жоспарлап отырғанын айтты.
«Онда құрылысты қай жерге салуға болады, қай жерде салуға болмайды - барлығы көрсетіледі. Нүктелі және тығыз құрылыс бойынша жаңа ереже қабылданды, онда құрысшыларға біраз шектеу қойылды. Бұл ережелер ұзақ уақыт қолданылады деп үміттенемін, ақыры ретке келтіре алатын болдық. Ал өзен арнасының бойындағы ғимараттарға келсек, қала құрылысы талаптарына сәйкес су қорғау аймағынан 35 метрден жақын емес жерде орналасуы керек»,- деді Ерболат Досаев.
Әкімнің айтуынша, барлық жерде, әсіресе Алматыда сапа талаптары мен құрылыс тәртібі мәселесі өте маңызды.
«Өйткені, біз 9-10 баллдық сейсмикалық аймақта тұрамыз. Біз бұл жұмысты мемлекет басшысының тапсырмасымен атқарып жатырмыз. Келесі жылы әкімдік қажетті талаптарды пысықтайды. Қала жүйелі түрде қалыпты дамиды деп үміттенемін»,- деді ол.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік