20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрінісАлматы қаласының таулы аймақтарында алдағы күндері ауа райы күрт құбылып, табиғи қауіптің қаупі артуы мүмкін. Бұл жөнінде қалалық Төтенше жағдайлар департаменті арнайы хабарлама таратты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
11 мамыр күні жауын-шашынның көп мөлшерде түсуіне байланысты өзендердегі су деңгейі көтеріліп, кейбір аумақтарда су басу қаупі бар. Әсіресе, тауға жақын орналасқан аудандарда тұратын тұрғындар мен демалушылар сақ болғаны жөн.
Сондай-ақ, 12 мамыр түнінде найзағай жарқылдап, нөсер жауын жаууы мүмкін. Бұл кезеңде өзен арналарының тасып, лай көшкініне себеп болуы да жоққа шығарылмайды.
Қала тұрғындары мен қонақтарына барынша абай болып, тау бөктерлеріне, өзен-көл маңына жақындамауға кеңес береміз. Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар, - делінген ТЖД таратқан хабарламада.
Бұған дейін «Қазгидромет» те еліміздің бірнеше өңіріне, оның ішінде оңтүстік-шығыс аймақтар мен таулы аудандарға қатысты бұршақ, найзағай және екпінді жел туралы ескерту жариялаған болатын.
Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтар мен қала қонақтарына ауа райының күрт құбылуына дайын болуға және төтенше жағдайлар қызметінің нұсқауларын ескеруді қаперге салып отыр.
20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?