23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Алматыда Almaty Business-2025 бағдарламасы аясында жеңілдетілген несиелер беру жалғасуда. Кәсіпкерлердің жобасына байланысты жылдық 2% немесе 6% мөлшерлемемен несие алуға мүмкіндігі бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдік ұсынған мәліметке сүйенсек, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында 572 миллион теңге көлемінде несие берілді. Несиенің үштен бірінен астамы өндіріс және өңдеу саласындағы жобаларға бөлінген. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету, туризм және білім беру саласындағы жобалар да қаржыландырылды.
Несиенің ең жоғарғы сомасы — 78,6 миллион теңге. Ал мерзімі — 7 жылға дейін. Басты шарт: бизнес Алматыда тіркелген болуы керек. Басымдық берілетін салалар: өндіріс, әлеуметтік кәсіпкерлік (білім беру, спорт, медицина), импорт алмастыру және экспорт, креативті индустрия.
2019 жылдан бері бағдарлама аясында 600-ден астам жоба қаржыландырылып, жалпы сомасы 14 миллиард теңгеге жуықтады. Нәтижесінде 2 500-ден астам жұмыс орны құрылып, 2 миллиард теңге салық төленді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік