Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыДженнифер Лопестің Алматыдағы концертінен кейін еріктілер мен жастар «Taza Qazaqstan» акциясы аясында Орталық стадионды тазалады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алматыдағы Орталық стадионда өткен Дженнифер Лопестің ауқымды концерті еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20 мыңнан астам көрермен мен 35-тен астам елден келген қонақтарды жиналған. Концерт аяқталысымен стадионға және оған іргелес аумаққа ондаған ерікті мен жастар ұйымдарының өкілдері тазалық жұмыстарына ат салысқан.
Қолғап киіп, қоқыс қаптарын арқалаған олар трибуналар мен өткелдерді, сондай-ақ, айналадағы аумақты тез арада тазартып, стадион мен қала бастапқыдай таза күйге енді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жұмыс бұқаралық мәдени шараларды өткізудің мәдениетіне айналған маңызды бөлік.
Шоу аяқталғаннан кейін де қала мен қонақтарға қамқорлық жалғасады. Бұл Алматының республикалық экологиялық «Taza Qazaqstan» акциясына қосқан үлесі. Бұл музыкаға деген сүйіспеншілік пен қалаға деген махаббат қатар өрби алатынын дәлелдейтін тамаша үлгісі болып отыр.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді