22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыМегаполисте «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны жалғасып жатыр. Науқанға қатысқысы келетін және үлес қосқысы келетін қала тұрғындарының өтінішінің көптігіне байланысты Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Жақыныңа жәрдем бер» акциясын өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Акцияның мақсаты – қаланың жеке секторында тұратын жалғызбасты зейнеткерлер мен ерекше қажеттілігі бар қарт адамдардың ауласын тазалауға және көркейтуге көмек көрсету.
866 ерікті мен қала тұрғыны ардагерлер, жалғызбасты зейнеткерлер, халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын 114 үйді ретке келтірді. Жеке үйлердің аумағы тазартылып, қоршаулар боялды, ағаштар санитарлық мақсатта кесіліп, ағартылды, өсімдіктер және т.б. отырғызылды.
Алатау ауданы - 15 үй, 96 ерікті,
Түрксіб ауданы - 13 үй, 98 ерікті,
Алмалы ауданы - 49 үй, 290 ерікті,
Жетісу ауданы - 8 үй, 42 ерікті,
Бостандық ауданы - 6 үй, 37 ерікті,
Әуезов ауданы - 10 үй, 150 ерікті,
Наурызбай ауданы - 13 үй, 153 ерікті.
Акция жалғасуда, тағы 93 үйді қамту жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.
Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев