6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБүгін Алматыдан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы жөнелтілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайырымдылық акциясына қала тұрғындары, кәсіпкерлер мен белсенді жастар қатысты. Соның нәтижесінде 6 күнде 10 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды. Атап айтқанда, 2,5 тоннадан астам киім, 1 тонна гигиеналық өнімдер, 3,5 тоннадан астам азық-түлік, тұрмыстық заттар және тағы басқа.
Көмек жинау пунктінің жұмысына 30-дан астам еріктілер ұйымы мен 100-ден астам ерікті атсалысты. Жастар саясаты басқармасы алматылықтарға игі істе көрсеткен белсенділігі мен қолдауы үшін алғыс білдіреді. Еріктілер мен қала тұрғындарының қажырлы еңбегінің арқасында зардап шеккен аймақтарға қысқа мерзімде көмек көрсетілді.
Көмек қабылдау пункті аптаның соңына дейін Байтұрсынов көшесі, 22/1 мекенжайында жұмыс істейді, жұмыс уақыты 10:00-ден 19:00-ге дейін
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі