13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАлматылық цирк акробаттары Батыр Жанұзақ пен Марлен Маратов Миланда өткен Lo Show Dei Record шоуында әлемдік рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақ елінің өкілдері «Басын төмен қаратып, қолмен тұрған адаммен бірге екі сатыға ең жылдам көтеріліп-түсу» номинациясында ерекше трюк көрсетіп, оны небәрі 36,66 секундта орындады.
Олардың өнері көрермендер мен қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленді. Артистер бұл рекордқа ұзақ дайындалғанын айтып, оны бүкіл команда мен Қазақстан цирк өнеріне берілген баға деп қабылдайтындарын жеткізді,-деп атап өтті әкімдіктен.
Бұған дейін бұл дуэт America’s Got Talent, Britain’s Got Talent, China’s Got Talent және өзге де жобаларға қатысып, әлемге танылған. Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов бұл рекорд алматылық цирктің халықаралық беделін нығайтып, отандық артистердің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдегенін айтты.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды