7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Алматыда «Буран-205» экипажының полиция қызметкерлері перзентханаға үлгермеген әйелді босандырып алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қызметтік кезекшілік барысында патрульдік экипажға әйелдер көмек сұрап жүгінген. Айтуларынша, көршісінің жағдайы күрт нашарлаған, ол жүктіліктің соңғы кезеңінде болған. Жедел жәрдемді күтпей, патрульдік полицейлер әйелді қызметтік көлікке отырғызып, жақын маңдағы перзентханаға қарай бет алған. Алайда жүкті әйел мінген полиция көлігі
медициналық мекемеге жетіп үлгермеді. Әйелдің толғағы басталып, полицейлер өз бетімен әрекет ету туралы шешім қабылдаған. Нәтижесінде патрульдік көліктің ішінде ұл бала дүниеге келді. Осыдан кейін ана мен жаңа туған нәресте келген дәрігерлерге тапсырылды.
Біз жақын маңдағы ауруханаға баруды жоспарладық. Бірақ бір сәтте босану басталды. Әрине, уайымдадық, бірақ дүрбелеңге уақыт болмады. Оны қолдап, сабырлық сақтауға тырыстық. Эмоцияны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес... Біз дәрігер емеспіз, бірақ жай ғана көмектесуіміз керек екенін түсіндік. Барлығы өте тез болды. Әйел батылдық танытты. Мұндай сәттерде полиция қызметі – тек тәртіп сақтау емес, күтпеген жағдайда көмек көрсету екенін түсінесің, - деді полицейлер.
Полиция мәліметінше, ана мен баланың жағдайы жақсы. Жақын арада оларды ерлік танытқан полицейлердің әріптестері құттықтап бармақ.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?