Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматы энергетика және электронды технологиялар колледжінің студенттері оқу шеберханасында алғашқы күн панельдерін өндіруді іске қосты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олар өз жобаларын Жұмысшы мамандықтар қаласында таныстырды.
Біз күн панельдерін толықтай өз қолымызбен жасаймыз. Алдымен фотоэлементтерді өзара жалғап, арнайы негізге дәнекерлейміз. Кейін панельді сыртқы әсерлерден қорғау үшін ламинация жасаймыз және оны алюминий корпусқа бекітеміз. Соңғы кезеңде жүйені қосып, оның күн энергиясын электр қуатына қаншалықты тиімді айналдыратынын тексереміз, – деп бөлісті колледждің 3-курс студенті Мәди Жанболат.
Бұл жоба студенттерге жаңартылатын энергетика саласындағы заманауи технологияларды игеруге көмектесіп қана қоймай, Қазақстанда күн панельдерінің өз өндірісін дамыту үшін перспективалар ашады. Бұдан басқа, колледждің жоғары курс студенттері жетекші компанияларында ақы төленетін практикадан өту мүмкіндігіне ие болады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді