Алматылық дәрігерлер бір келіге жуық салмақпен өмірге келген сәбиді аман алып қалды

21 Шілде 2023, 10:00 703

Алматылық неонатологтар шала туған баланың өмірін аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы нәресте жүктіліктің 29-аптасында өте ауыр жағдайда дүниеге келгенін хабарлады. Анасына Алматы қаласының №2 қалалық перинаталдық орталығында кесарь тілігі жасалды.

Оқи отырыңыз:

Салмағы 980 грамм нәресте дүниеге келіп, бірден жан сақтау бөліміне ауыстырылды.

Бала 23 күн бойы өздігінен дем ала алмады, себебі , өкпесі жетілмеген, сонымен қатар, оған пневмония, жедел респираторлық дистресс-синдромы, өкпе ателектазы, 2-дәрежелі қарыншаішілік қан кету (ми қарыншаларына қан кету), некротикалық энтероколит (ішек шырышты қабығының некрозы), церебральды депрессия синдромы (төмендеу), қозғалыс белсенділігі, диффузды бұлшықет гипотензиясы, шартсыз рефлекстердің тежелуі, өте қысқа ояну кезеңдері, ми ишемиясы, ДВС-синдромы диагнозы қойылған, - деп хабарлады ведомство.

Бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы Жұлдыз Ахметқалиева жаңа туған нәрестеде қан ұю жүйесінде тромбоздың бұзылуымен сипатталатын және тромбозбен де, қан кетумен де жүретін күрделі патологиялық процесс болғанын айтты.

23 күн бойы нәресте механикалық желдетуде жатты. Жағдайды тұрақтандырған соң біз оны аппараттан алып, тағы үш күн жан сақтау бөлімінде бақыладық. Содан кейін ол реанимация бөлмесіне ауыстырылды. Онда 7 күн болды және анасымен бірге болу үшін палатаға ауыстырылды. Қазір баланың салмағы 2300 грамм, - деді Жұлдыз Ахметқалиева.

Сондай-ақ, реанимацияда дәрігерлер көру, есту қабілетін сақтау үшін күресіп, біртіндеп өздігімен тамақтануға және асқазан-ішек жолдарының қалыпты жұмысына келтірді.

Өз кезегінде баланың анасы ақ халатты абзал жандарға жанқиярлық еңбегі үшін алғыс айтты.

Барлығы үшін, баға жетпес қолдауы үшін дәрігерлерге көп рахмет. Сол кезде мен не істерімді, балама қалай көмектесетінімді білмедім. Дәрігерлер мен медбикелердің арқасында ғана менің балам қазір қасымда. Міне, біз үйге шығуға дайындалып жатырмыз, - деді нәрестенің анасы.

Равиль Ашығали
Бөлісу: