30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыШымкент-Астана рейсінде 20 жастағы студент есінен танып қалып, шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұшақ бортында болған реаниматолог, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ жаңа туған нәрестелердің анестезиологиясы, реанимациясы және қарқынды терапиясы бөлімшесінің меңгерушісі, нейрохирург және кардиолог Нұрсұлтан Құрбанбеков жедел көмек беріп, жолаушының өмірін сақтап қалды.
Пациенттің импульсі әлсіз, қан қысымы нөлдік деңгейде болған. Бұл ауыр жағдайды білдіреді. Дәрігердің жедел және үйлестірілген іс-қимылының арқасында қыздың жағдайы бірнеше минуттан кейін жақсарды. Анамнезде қандағы гемоглобин деңгейі небәрі 61 екені анықталды және пациент емделмеген. Бұл - есін жоғалту себебінің бірі болуы мүмкін, - деп жазды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды