Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚаңтар кезінде алаңда жарақаттанғандарды ешқандай жағдайға қарамастан ауруханаға әкеліп, емдеген Алматы қаласы №7 аурухананың реанимациясы бөлімшесінің меңгерушісі Бақытжан Еспенбетов Мәжіліс отырысында өз көрген-білгенімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қаңтар оқиғасы орын алған сәтте халыққа көмекке келген алдыңғы қатарлы мамандар дәрігерлер болды. Біздің ауруханаға келген пациенттердің барлығының жарақаты бірдей ауыр болды. Оларға шамамыз келгенше көмектесіп, өмірін сақтап қалуға тырыстық. Жарақаттанғандардың дені жастар болды. Барлығы алаңдағы жаппай наразылық кезінде жапа шегіп, жарақат алғандар еді», - деді Бақытжан Еспенбетов.
Оның айтуынша, аурухананы белгісіз адамдар қоршап алса да, дәрігерлер ештеңеге қарамастан белсенді жұмыс істеді. Тіпті, бұзақылар аурухананың терезесі мен есіктерін сыңдырып, бұзақылық әрекеттер жасаған.
«Түрлі жарақаттармен түскен адамдардың кім екеніне, лауазымына, қызметіне қарамастан өз қызметімізді адал жасадық. Жарақат алғандардың көбісі оқ жарақатымен, көп қан жоғалтып келіп жатты. 15-тен астам адамға ауыр ота жасадық. Тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істедік», - деді ол.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары