23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Алматыда Сингапур азаматтарына қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Бес адам шетелдіктердің жалға алған үйіне басып кіріп, оларды қарумен қорқытып, 3 миллион теңге мен 13 мың доллар ақшаларын тартып алған. Аталған қылмысты ашу үшін арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Соның нәтижесінде 1999, 2001, 2003 жылдары туған бес күдікті ұсталды.
Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары Дидар Аханов қылмыстың негізгі ұйымдастырушысы Т. бұрын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталғанын айтты.
Ол зардап шеккендермен жұмыс істеген әрі олардың табысы туралы білген. Қылмыстың хронологиясы мен күдіктілердің қалай дайындалғаны белгілі болды. Мұнда бейнебақылау жүйелері маңызды роль атқарды. Айғақтар, оның ішінде 2 ойыншық тапанша тәркіленді, - деді ол.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік