20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматыда әйел күйеуін туған қызын зорлап келді деп айыптап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиғаның мән-жайын журналист, тележүргізуші Руслан Өтепбай желідегі парақшасына жариялады.
Журналист 12 жастағы бүлдіршін қызды туған әкесі бір жылдан бері зорлап келгенін айтып отыр.
Алматы қаласының тұрғыны күйеуінің 12 жастағы туған қызын бір жылдан бері зорлап келгенін айтты. «Ақыл-есі түзу, аузына арақ алып көрмеген жолдасымнан мұндай азғындықты күтпедім, - дейді әйел.
Қыздың анасы күйеуінің бұл азғындыққа баруына бірге жұмыс істейтін әріптесінің кеңесі әсер етеуі мүмкін екенін айтқан.
Туған әкесі туған қызын бір жылдан аса зорлап келген. Аптасына шамамен бір реттен болып келген, үйде болған. Ол кезде мен жұмыста болғанмын. Естіген кезде сенер сенбесімді білмей өзім де шокта болдым. Бір жерде жұмыс істеген. Сол жердегі бір орыс кісі қызыңды тұрысқа бермей тұрып, өзің қыздығын алуың керек деп айтыпты, — дейді қыздың анасы.
Ал күдікке ілінген азаматтың ата-анасы мұны анық жала деп отыр.
Журналист жақын арада толық түсірілімді өзінің youtube арнасына жүктейтінін айтты.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?