Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек26-29 қыркүйек аралығында Алматыда өткен «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының аясында қалаға 5 мыңнан астам шетелдік қонақ келді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы 30 қыркүйекте e-Qonaq ақпараттық жүйесінің деректеріне сүйене отырып қалалық туризм басқармасы мәлімдеді. Қазақстанның өзге өңірлерінен келген жанкүйерлерді қосқанда, Алматыға жиналғандардың жалпы саны ондаған мың адамды құрады.
Негізгі туристер легі Қытай, Үндістан, Ресей, Қазақстанның басқа аймақтарынан, сондай-ақ Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия, ТМД елдері мен өзге де Еуропа мемлекеттерінен келген.
Матч өткізудің экономикалық әсері айтарлықтай деп бағалануда.
«Mastercard» компаниясының деректеріне сүйенсек, Алматыға келген шетелдік туристің орташа шығыны шамамен 1 500 АҚШ долларын құрайды. Қонақтардың шығыстарына қонақүй, тамақтану, көлік, ойын-сауық және сауда-саттық кіреді. Бұл шағын және орта бизнестің дамуына тікелей ықпал етіп, қызмет көрсету саласын жандандырады әрі қаланың экономикасына мультипликативті әсер береді, – деп атап өтті басқармада.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?