Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыСоңғы үш жылда Алматыда туризм қарқынды дамып, 91,8% өсім көрсетті. Мегаполиске келген шетелдік туристер саны 4,2 есе, ал ішкі туристер саны 56,3%-ға артты. Саладан түскен салық түсімі үш есеге көбейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдік ұсынған мәліметке сүйенсек, 2022 жылдан бері қалада 5972 нөмірлік қоры бар 43 қонақүйдің құрылысы жүріп жатыр, 26 туристік жоба жүзеге асуда, оның ішінде 7 жоба биыл аяқталады. Ал таулы аймақта 1000 шақырымнан астам маршрут цифрландырылған, 750 шақырымнан астам жол көркейтіліп, 13 кемпинг аймағы құрылды.
Алматы әлемдік туристік бағыт ретінде танылып отыр: The New York Times басылымының «Баруға лайық 52 орын» тізіміне енді, Wanderlust журналының TOP-24 туристік бағыт қатарына кірді, ал Шымбұлақ курорты мен Oi-Qaragai ТМД-да үздік деп танылып, туризмдегі инновациялары үшін марапатқа ие болды.
Қала 2025 жылы 2,5 миллион турист тартуды көздеп отыр. Қонақтардың қанағаттану индексі 67,5%, бұл қызмет көрсету сапасының артқанын көрсетеді.
Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыБүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіКеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады