Кеше, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?Бұл туралы туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев Алматы қаласының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Вице-министрдің айтуынша, Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 мемлекет ішінде 52-орынға ие болды.
2024 жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсім көрсетті. Алматы қаласы бұл салада ерекше көзге түсіп отыр. 2024 жылдың тоғыз айында Алматыға 1,7 миллион турист келген, оның 1,2 миллионы – ішкі туристер, ал 500 мыңы – шетелдік қонақтар. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,2%-ға көп.
Алматы қаласының туристік инфрақұрылы қарқынды дамып келеді. 2024 жылы мегаполистегі орналастыру орындарының саны 366-ға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21 орынға көп. Туристік орналастыру саласында көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 70 миллиард теңгеге жетті, – деп атап өтті Ержан Еркінбаев.
2024 жылы мемлекет тарапынан туризмді қолдау көлемі 2,5 есе артты. Мемлекеттік бағдарлама аясында 32 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде туристік нысандар құрылысы, қонақ үй қызметін жақсарту және көлік құралдарын дамыту шаралары бар.
Кеше, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?Кеше, 12:33
Grand Prix: Ғұсман Қырғызбаев пен Хифуми Абе финалда күреседі25 Маусым, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер