Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстан қалалық әуе мобильдігі саласын дамытуға кірісті. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, америкалық Joby Aero, Inc., Alatau Advance Air Group Ltd және кәсіпкер Вячеслав Ким әуе таксиін енгізу туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жоба аясында Алатауда шамамен 300 млн доллар көлемінде инвестиция тартып, тігінен ұшып-қонатын eVTOL ұшақтарын сатып алу көзделуде. Олар экологиялық таза, дыбысы төмен әрі кептелістен тыс жылдам жол жүруге мүмкіндік береді.
Әуе таксиі Алатау мен Алматы арасындағы көлік желісіне интеграцияланып, арнайы сынақ алаңы мен инфрақұрылым құрылмақ.
Бұл бастама Қазақстанда қалалық әуе мобильдігі бағытының қалыптасуына жол ашады. Министрлік болашақта тұрақты әуе маршруттары іске қосылатынын атап өтті.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар