30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыСейсмологтар 29 ақпан күні сағат 09:48-де тағы бір жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде – Қытай аумағында орналасқан. Магнитудасы - 4,4.
Энергетикалық класы: 10.3.
Алматыда сезілмеген.
Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының басшысы Дәулет Сәрсембаев көпқабатты үйде тұратын әрбір алматылық білуі керек 10 қарапайым ережені еске салды.
Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;
Дүмпу кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз, үй ішінде дүмпудің басылғанын күтіңіз;
Жиһаздардан, терезелерден, шамдардан, люстралардан алысырақ болыңыз;
Тығылатын орын табыңыз – "өмір үшбұрышы" (көтергіш/негізгі/ішкі қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз);
Ғимараттан шығу (көпқабатты үйлерде – жер асты дүмпулері тоқтағаннан кейін);
Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
Алдын ала дайындалған "дабыл чемоданын" алыңыз;
Ғимаратты эвакуациялау кезінде электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болу керек;
Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;
Балаларға, қарттарға, мүгедектерге көмек көрсетіңіз.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды