Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Алматы зообағындағы Тянь-Шань ақ тырнақты аюлары Герда мен Құрманбектің екі төлі өмірге келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Зообақтағылардың айтуынша, кішкентай аюлардың анасы Герданың денсаулығы жақсы. Ол осымен үшінші рет өмірге қонжық әкеліп отыр екен.
Герда бұған дейін 2017 және 2021 жылы төлдеп, баршамызды қуантқан болатын. Ол кезде оларға біздің парақшамызға жазылған өздеріңіз ат қойған болатынсыздар. Жаңа туған қонжықтар әзірге анасының қасында. Қонжықтар жарты жылға дейін анасының сүтін емеді,-делінген зообақ мәліметінде.
Қазір Гердаға лайықты мөлшерде азық берілуде. Оның сүйікті қорегінің ішінде – жеміс-жидек, ет, балық, ботқа, нан, жарма, түрлі витаминдер бар. Қазіргі уақытта Герда қонжықтарымен бірге өзінің апан-үйшігінде. Ол кішкентай аюларды қызметкерлерге де көрсеткісі келмей, бауырына басуда.
Айта кетейік, әзірге қонжықтардың жынысы анықталмаған. Жынысы анықталған соң оларға ат қоюға байқау жариялайтынын болады.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд