23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматыдағы «Жетісу» базарында контейнерлер өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 18 сәуір кешкі сағат 19:10 шамасында өрт сөндірушілер Жетісу ауданы Қайрат шағынауданы, Құлжа тасжолы 181 мекенжайына жоғары дәрежедегі шақыртуға шықты.
Белгілі болғанындай Жетісу базарында контейнерлер өртенді. Қарбалас уақыттағы көлік кептелісіне қарамастан өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына дер кезінде 19:19 да жетті. Өртті сөндіруге және көрші контейнерлерін қорғауға оқпандар енгізіліп, автоцистерналар гидранттарға орнатылып, үздіксіз су беру қамтамасыз етілді. Өртті сөндіру жұмыстары бейнебақылау жүйесінің камералары арқылы бақыланды, - деп хабарлады ведомстводан.
Өрт сөндірушілер 20:01 минутта 120 шаршы метр аумақтағы қызыл жалынды сөндірді. Осылайша, өрттен мың шаршы метр жерді қамтитын көршілес материалдық құндылықтарымен толы контейнерлер өрттен аман алып қалды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады