26 Маусым, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?Алматылықтар жыл басынан бері демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерден 10 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алған. Оларға: көкөністер, жемістер, ет, сүт өнімдері, азық-түлік, жұмыртқа, шұжық, бал, нан өнімдері және тәттілер – барлығы 1000-нан астам тауар түрлері жатады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, қаңтар-мамыр айларында Алматы «ӘКК» 40-тан астам жәрмеңке күнін өткізді, оған 450 мыңға жуық алматылықтар мен қала қонақтары қатысты. Жәрмеңкелерге Алматы қаласы мен Алматы облысынан 318 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен фермерлер қатысуда. Бағаны тұрақтандыру шаралары аясында әлеуметтік маңызы бар өнімдер жәрмеңкелерде қолжетімді бағамен сатылуда.
Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін келесі мекенжайларда өтеді:
• Алмалы ауданы – көш. Масаншы (Әйтеке би көшесі мен Гоголь көшесінің арасы);
• Әуезов ауданы – көш. Өтеген батыр (Абай даңғылынан төмен);
• Бостандық ауданы – шағын аудан. «Қазақфильм» (әл-Фараби даңғылының үстінде);
• Медеу ауданы – Меңдіқұлова бульвары – көш. Бектұрова
• Алатау ауданы – «Мәдениет» тұрғын үй кешені.
26 Маусым, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?26 Маусым, 12:33
Grand Prix: Ғұсман Қырғызбаев пен Хифуми Абе финалда күреседі25 Маусым, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер