30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты28 мамырда Алматы – Бішкек автожолының 44-шақырымында төрт адамның өліміне себеп болған жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қайғылы оқиғаға жүк көлігінен ажырап кеткен тіркеме себеп. Алматы облыстық Полиция департаменті жол-көлік оқиғасының мән-жайын баяндады.
Ресми мәліметке сәйкес, Түркістан облысының 39 жастағы тұрғыны КамАЗ маркалы жүк көлігін басқарып келе жатып, тіркеменің ажырауына жол берген.
Бақылаудан шыққан тіркеме қарсы қозғалыс жолағына өтіп, Geely көлігімен соқтығысқан. Ал Geely көлігі инерциямен KIA Sportage автокөлігіне соғылған. Жол апаты салдарынан оқиға орнында төрт адам, оның ішінде Geely көлігінің жүргізушісі қаза тапты, – деп мәлімдеді тәртіп сақшылары.
Апат болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.
Қазіргі уақытта бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу жүргізілуде. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды